Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) қыркүйекте өзінің басты қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін өткізеді.
Трилогия 17 қыркүйекте өтеді. Боксшылар екінші орта салмақта кездеседі деп болжануда. Мексикалық үшін бұл абсолютті чемпион атағын бірінші рет қорғауы болмақ.
"Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше", - деп жазды Головкин.
Matchroom Boxing төрағасы Эдди Хирнның айтуынша, жекпе-жек Лас-Вегас қаласында өтеді.