Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 10,73 теңгеге көтеріліп, 433,30 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 27 мамырдағы доллардың ресми бағамы 422,01 теңге.
Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 432,77 теңге, сату – 438,66 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 435,81 теңгеден сатып алынып, 439,02 теңгеден сатылуда.
Сарапшылар мұны Ресей рублінің құнсыздануымен байланыстыруда.