Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасаған азамат іздестіріліп жатыр. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1990 жылы туған азамат қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасаған.
«Полиция департаменті ҚК 217-бабының 3-бөлігінде көзделген «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» қылмысын жасағаны үшін 1990 жылы 18 қаңтарда туған Ахметов Әлішер Қонысжанұлын іздестіруде», - делінген баспасөз хабарламасында.Әлішер Ахметовтің тұратын жерін білетін азаматтар 102 телефонына немесе +7771-786-6666, +7776-546-6666, +7775-680-58-88 нөмірлеріне хабарласуларына болады.