«Дәруменнің сыртына тест сұрағын жазған» – ҰБТ кезінде талапкердің қулығы әшкере болды
«Дәруменнің сыртына тест сұрағын жазған» – ҰБТ кезінде талапкердің қулығы әшкере болды
Фото: taunews.kz
547
оқылды
Қазақстанда ҰБТ өтіп жатыр. Тест тапсыру кезінде қулығы әшкере болған талапкерлер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-дағы парақшасында жазды. Оның айтуынша, ҰБТ-ны оңай тапсырғысы келетін талапкерлер ұялы телефон, жасырын камера, микроқұлаққаптар, қағаз шпаргалканы пайдалануға әрекет жасайды.
«Биыл 18-рет өтіп жатқан ҰБТ-ның алғашқы аптасында 22 талапкер тестілеуге кіргізу кезінде, ал 21 талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттарды қолдануға тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды», – деді ол.
ҰБТ кезінде дәруменнің сыртына тест сұрақтарын жазып, аудиториядан шығаруға талпынғандар да болған. Руслан Емелбаев талапкерлерге ҰБТ-ға тек қана өз біліміне сеніп келуге кеңес берді.