Атыраулық жас робот жасаушылар «KazRoboSport» ұлттық чемпионатына қатысады
Атыраулық жас робот жасаушылар «KazRoboSport» ұлттық чемпионатына қатысады
789
оқылды
Атырауда робототехникадан облыстық чемпионат өтті. Чемпионатқа 35 команда, робосумо 10х10, биатлон, кегельринг-квадро және робосумо 25х25 санаттары бойынша облыстың барлық аймақтарынан 60-тан астам оқушылар мен студенттер қатысты. Нәтижесінде әр түрлі жас топтарында 30 адам жүлделі орындарға ие болды.  width= Чемпионат барысында қатысушылар өздерінің инженерлік дизайны нақты қойылған міндеттерді орындауға бағытталған құрылғылардың әзірлемелерін ұсынды. Конструкторлық шешімдері мен бағдарламалық коды тапсырманы ең аз уақытта дәл орындауға мүмкіндік беретін командалар ең жоғары балл алды. Мысалы, «Робосумо» санатында кез-келген позициядан қарсыластың орналасқан жерін анықтап, оны рингтен тыс итеретін роботтар көрсетілді. «Кегельринг-квадро» санатында роботтар кегльдердің берілген түсін автоматты түрде анықтап, оларды басқалармен қақтығыспай, итеріп жіберді, ал «Биатлонда» балаларға роботтарды белгілі бір сызықты ұстануға, кедергілерді айналып өтуге, нысанаға тигізуге және оларды атуға болатындай етіп жасап, бағдарламалау қажет болды.  width= Жыл сайын «KazRoboSport» чемпионатын «КазРоботикс» қазақстандық спорттық және білім беру робототехника федерациясы» РҚБ ұйымдастырады. Биылғы жылы іс-шара «Шеврон» компаниясымен және Орталық Азияның Еуразия Қорымен серіктестікте «Jasspace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
«Мен мұндай іс-шараға алғаш рет қатыстым. Ол мен үшін өте пайдалы және қызықты болды. IT технологиялар мен робототехника – бұл біздің болашағымыз. Мен осы бағытта одан әрі дамығым келеді», – деп өз әсерімен бөлісті Атырау қаласындағы № 16 мектептің 8 сынып оқушысы Диана Марзабаева.
Чемпионат Қазақстанда спорттық робототехниканы дамытуға мүдделі талантты жас қатысушыларды біріктіреді. Командалармен бірге чемпионатқа олардың педагог-тәлімгерлері келді. Командалар жарысып жатқанда, дөңгелек үстел өткізілді, онда ОАЕҚ мен «КазРоботикс» өкілдері болашақ жоспарларымен бөлісе алды, ал оқытушылар туындаған мәселелер бойынша кері байланыс бере алды. Осылайша, мектеп деңгейінде инновацияларды тікелей жүзеге асыратын тұлғалармен бірге аймақтағы STEAM дамуы бойынша ағымдағы мәселелер және оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды. Қазақстандық «Казроботикс» робототехника Федерациясының президенті Айжан Жекееваның айтуынша, карантиннен кейін жалпы ел бойынша балалардың дайындық деңгейі төмендегеніне қарамастан, Атырауда іс-шара жоғары деңгейде өтті. «Шеврон» компаниясына жобаны қолдағаны үшін, сондай-ақ біздің жастарымыздың дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді», – деп толықтырды Жекеева.  width= Атырау облысында «KazRoboSport» робототехника чемпионатының қорытындысы бойынша келесі қатысушылар жеңімпаз атанды: «Сумо 25х25 (6-13 жас)» санатында бірінші орынды Қалымжан Нұрсұлтан (Teren Oi, Атырау), екінші орынды Алдан Ануар (Teren Oi, Атырау), үшінші орынды Тегісбаев Райымбек және Цой Кирилл (16 мектеп-лицейі, Атырау) иеленді. «Сумо 25х25 (14-18 жас)» санатында бірінші орынды Тарбанов Дамир (Атырау БИЛ), екінші орынды Любсали Ұлағат және Серікұлы Нұрболат (Алмалы ауылының орта мектебі), үшінші орынды Исмағамбетов Әлімхан және Қасымқожа Ерғали (Б. Қанатбаев атындағы мектеп, Доссор) иеленді. «Кегельринг-квадро (6-13 жас)» санатында бірінші орынды Әмірбек Анвар мен Әмірбек Алдияр (Teren Oi, Атырау), екінші орынды Ерікұлы Бекарыс пен Наурызбай Алмаз (IT лицей) иеленді. «Кегельринг-квадро (14-18 жас)» санатында бірінші орынды Қадыржан Алдоңғар (Teren Oi, Атырау) иеленді, екінші орынды Рысжан Нұрқанат, Самалық Әліби (IT лицей) және Сисенбай Әсел, Ермек Жанель (Б. Қанатбаев атындағы мектеп, Доссор) бөлісті. «Биатлон (10-14 жас)» санатында бірінші орынды Қамза Абдрахман мен Таңбай Мирас (Жас техниктер станциясы, Құлсары), екінші орынды Әнуар Қуандықұлы мен Жайылыс Нұрлан (RoboMax клубы, Атырау), үшінші орынды Әбіш Нұрдәулет пен Амангелді Айбек (RoboMax клубы, Атырау) иеленді. «Робосумо 10*10 (14-17 жас)» санатында бірінші орынды Сакишев Азамат және Қасым Айдын (Teren Oi, Атырау), екінші орынды Марзабаева Диана және Қазбекова Айжан (16 мектеп-лицейі, Атырау) иеленді. «Робосумо 10*10 (18-21 жас)» санатында Бақтыгереев Абдурахман және жақсылық Әбілмансұр (Teren Oi, Атырау) өнер көрсетті. «Биатлон» және «Робосумо 10*10» санаттарындағы жеңімпаздар күзде елордада «KazRoboSport-2022» республикалық чемпионатында өнер көрсетіп, басқа облыстар мен қалалардың үздік өкілдерімен бәсекелесу үшін Атырау облысының құрама командасына кіреді.
«Жарыстарға дайындық барысында техникалық дағдылар мен құзыреттермен қатар балалар командада бір-бірімен өзара әрекеттесуді үйренді. Жарыстар кезінде балалар стресске қарсы тұру дағдыларын игереді, сыни және креативті ойлауды, белгісіздік жағдайында тез шешім қабылдауға, бір-бірімен келіссөздер жүргізуге, нәтижеге деген ортақ жауапкершілікті алуға үйренеді. Бұл барлық адамдарға қоғамда кез келген кәсіп пен қызмет салаларында тиімді іске асыру үшін қажет қасиеттер», – деп қосты іс-шараның қорытындысында Орталық Азияның Еуразия Қорының жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.