Халықаралық гроссмейстер және Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында (Германия) өзі өнер көрсеткен OSG Badаen-Baden командасы жеңімпаз болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас – SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», – деп жазды Жансая Әбдімәлік.
Шахматшы атап өткеніндей, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған. «Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12-ші рет Бундеслига жеңімпазы атанды!» – деді ол.