Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,46 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 424,62 теңге.
Ұлттық банктің 1 маусымдағы ресми бағамы 1 долларға – 414,67 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 427,64 теңге, сатып алу – 433,13 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,32 теңгеден болса, сатып алу құны – 430,32 теңге.