Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ислам ынтымақтастығы ұйымы байқаушылар делегациясының басшысымен кездесті.
Бүгін Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) байқаушылар делегациясының басшысы Фейсал Мұхаммед әл-Шарабимен кездесті.
Кездесуге ОРК мүшесі Сәбила Мұстафина, ИЫҰ хатшылығының сайлау бөлімінің бастығы Шакир Махмуд Бандар, сондай-ақ ИЫҰ хатшылығының қызметкерлері Аль-Хадж Идрис Аннур мен Мохаммед Элиас қатысты.
Константин Петров Нұр-Сұлтан қаласына келген ИЫҰ байқаушылар делегациясының басшысы мен мүшелеріне ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.
Өз кезегінде делегация басшысы Фейсал Мохаммед әл-Шараби мырза қазақстандық тарапқа алғыс білдіріп, Миссия мүшелерін таныстырды, сондай-ақ делегация Орталық референдум комиссиясына референдумды байқау қорытындылары бойынша есеп береді.
ИЫҰ-дан байқаушылар делегациясының құрамына Сауд Арабиясы, Ирак, Чад және Бангладеш Халық Республикаларының атынан өкілдік ететін 4 байқаушы кірді.