«AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Жулин және Теміртау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Ажиков зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Мәжіліс депутаты ұжыммен әңгімелесу алдында мекеме жұмысымен жіті танысып, қызметкерлердің жай-күйін сұрап білді. Кездесу барысында республикалық референдум өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.
«Саяси өмірде референдум сияқты демократиялық институтты қолданудың тиімді тұсы көп. Ал Негізгі заңға түзетулер енгізу ел болашағына айтарлықтай әсер етеді. Конституциялық реформа жалпыұлттық сипатқа ие, ол жаңа мемлекеттік модельдің негізін қалайды», – дейді Юрий Жулин.
Оның айтуынша, конституциялық түзетулер елдегі ең маңызды мемлекеттік басқару институттарын қамтиды. Ол функцияларды қайта бөлуге және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдікті қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен бірге бұл өзгерістер саяси мәдениетті арттыруға және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құруға ықпал етуге тиіс.