Дамудың жаңа сатысына өтеміз
Дамудың жаңа сатысына өтеміз
347
оқылды
«AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық партиялық штабтың мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанат Омарбекова мен Ирина Унжакова Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді жан-жақты түсіндіру үшін Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен кездесті. – Референдум – Жолдауда жариялаған реформаларды ха­лықтың таңдауы арқылы құ­қық­тық тұрғыда бекіту. Егер олар қабылданса, еліміз өзінің саяси дамуының келесі дең­гейіне өтеді. Өйткені реформа отандық құқықтық және пар­тиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Егер еліміздің өз­гер­генін, Мемлекет басшысы айтқан «Әділетті Қазақстан­ның» құрылғанын қаласақ, 5 маусымдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуымыз керек, – деді «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Республика­лық партиялық штабтың мү­шесі Жанат Омарбекова. 1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата Заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Сәй­ке­сінше, еліміздің біршама маңыз­ды салаларында өзгеріс болады. даму Конституцияға өзгертулер мен толықтырулардың енгі­зілуі – Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде де болып тұра­тын саяси процесс. Себебі уа­қыт озған сайын заман талабы өзгеріп отырады. – Мемлекеттік басқару жүйе­­­сін өзгертіп, елдегі саяси ах­уал­ға жаңа дем беретін Конс­­титуциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мем­лекет» идеясының нақты жү­зеге асуы­­ның дәлелі. Мажори­тар­лы сайлау жүйесінің ен­гізілуі тек республикалық дең­гейде ғана емес, жергілікті жер­лерде сай­лаушылардың мүд­десінің жіті қорғалуына мүмкіндік туғы­зады. Біз аза­мат­тармен кез­десіп, Консти­туцияға енгі­зі­летін өзгерістер мен толық­ты­руларды жан-жақты тү­сіндіріп, туындаған сұрақта­рына жауап береміз. Сонда адамдардың ре­ферен­думға деген көзқарасы өзге­ріп, қол­дайтынын айтып жа­тады. Менің ойымша, кез келген ақпаратты халыққа тү­сінікті тілде дұрыстап жет­кізу маңыз­ды, – дейді «AMANAT» пар­тиясы жанындағы Респуб­ликалық партиялық штабтың мүшесі Ирина Унжакова. Кездесуге қатысқан кітап­хана қызметкерлері Республи­калық штабтың мүшелеріне өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пі­кірін де білдірді.