Алматылықтарға референдум өтетін күні көлік тұрағы тегін болады.
Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының мәліметінше, 5 маусым күні Алматы тұрғындары үшін базар жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар тегін болады.
Референдумда ресми дауыс беру уақыты таңғы сағат 07.00- де басталып, кешкі сағат 20.00-де аяқталады.