Алматы әкімі Мемлекеттік Әнұранды қала тұрғындарымен бірге орындады
Алматы әкімі Мемлекеттік Әнұранды қала тұрғындарымен бірге орындады
498
оқылды
Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні «Абай» алаңында Республика сарайының алдында мемлекеттік гимнді бір мезгілде орындау акциясы өтті. Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев қатысып, қала тұрғындарымен бірге Мемлекеттік Әнұранды орындады. Патриоттық акцияға 500-ден астам қала тұрғыны мен мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысты. Сонымен қатар Әнұран қала саябақтары мен мектептерде, СОО сияқты көптеген қоғамдық орындарда шырқалды.  width= Сонымен қатар тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың, мәдениет және спорт нысандарының балкондарына Мемлекеттік Ту ілінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Мемлекеттік рәміздер күнінің негізгі идеясы патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылады. Айта кетейік бүгін Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толып отыр.  width=