Белгілі продюсер және актер Нұрлан Қоянбаев Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін ерекше атап өтуге тырысты.
Ол Қазақстанның Туын ұстап Абу-Даби плаза кешеніндегі Qazaqstan мұнарасының төбесіне көтерілді. Продюсер бейнероликті Instagram парақшасында жариялады.
"Көк Ту қолдан түспесін, бірлігіміз кетпесін!" – деп жазды ол.
Бүгін, 4 маусым – Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күні. Qazaqstan мұнарасы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болып саналады.