Ел тарихындағы тұңғыш рет Ата Заңға енетін өзгерістерге орай өткізіліп отырған референдумға ақмолалықтар да белсене қатысуда. Таң азанымен учаскелік бөлімдерге барып дауыс берген халықтың көңіл күйі де ерекше.
Жалпы Ақмола облысында 507 447 сайлаушы, 718 сайлау учаскесінде өз дауысын беруде. Облыстық референдум комиссиясының мәліметінше, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Күндізгі 12-ге дейін барлық сайлаушылардың 41,31 пайызы өз дауысын беріп үлгерген.
Алғашқылардың бірі болып сайлауға облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қалалық №1 орта мектебінде орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.