Кез келген елдің конституциясының дамуындағы заңдар халықпен бірге жазылуы керек.
Қазақстандықтардың бүгінгідей референдум өткізуі осы сөзімізді қуаттайды. Мұндай пікірді Ресей Федерациясынан келген бақылаушылар айтты.
Алматыдағы референдум учаскелеріне бақылаушы ретінде келген Ленинград облысы сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Лебединскийдің айтуынша, референдумда дауыс беруге арналған учаскелер өте жақсы дайындалған.
«Біз мұнда ТМД және Ленинград облысының миссиясын ұсынамыз. Референдум учаскелерінде Қырғызстаннан келген әріптестерімізбен кездесіп үлгердік. Екі күн ішінде біз референдумға дайындықтың қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап, бірнеше учаскеге, оның ішінде Қазақстанның қазіргі президенті бітірген мектепке, Ұлттық кітапханаға және Қазақ ұлттық аграрлық университетіне барып үлгердік. Барлығы техникалық, стендтер мен сайлау құжаттары дайын болды. Сіздер белсенді дайындалдыңыздар деп ойлаймын», – деді М.Лебединский.
Сонымен қатар, ол алматылықтармен кездескенде қала тұрғындары елінің Негізгі заңына қандай өзгерістер енгізілгенін жақсы білетінін байқаған. Бұл ақпараттандыру мен насихат жұмысы жақсы деңгейде өткендігінің белгісі екенін атап өтті.
Ресейлік екінші бақылаушы Ленинград облысының жергілікті өзін-өзі басқару, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар комитетінің төрағасы Лира Бурак барлық учаскелерде қолайлы жағдай жасалғанын, оң көзқарас тудыратын музыка ойнап тұруының өзі тұрғындарға мерекелік көңіл күй мен сенім ұялататынын айтты.
«Бүгін сіздер өз еліңіздің болашағын таңдайсыздар. Бұл алдағы жарқын болашақтың өзіндік резерві болмақ. Ұйымдастыру тұрғысынан бәрі жоғары деңгейде. Біз әзірше ешқандай заң бұзушылықтарды кездестірген жоқпыз. Азаматтардың белсенділігі жоғары. Отбасымен, балаларымен бірге келіп жатқандарды көрдік. Нәтижелер бізді де, сізді де қуантады деп ойлаймын», – деп қорытындылады Л.Бурак.