Қазақстандық Telegram арналарда бірден бірнеше бюллетеньді дауыс беруге арналған жәшікке салып жатқандар түсірілген видео тарады. Stopfake.kz ақпарат көзінің мәліметінше, бейнежазба бүгін, 5 маусымда республикалық референдум барысында түсірілгені жазылған. Бұл – жалған ақпарат.
"Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың айтуынша, заңбұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде болған", – деп жазды портал тілішері.
Видеоның бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.