«Сағат кешкі беске дейін төрт жүзге жуық адам дауыс берді. Орта жастағылар мен үлкендердің белсенділігі жоғары және жүздерінде бұл референдумның, өз таңдауының дұрыстығына қатысты сенім байқалады. Учаскеге келгендердің бәрі дерлік Конституцияға өзгерістер енгізудің қажеттілігін қадап айтып, болуға тиісті жаңалықтардан зор үміт күтетіндерін жасырмайды. Бір өкініштісі, дауыс берушілер қатарында 18-30 жас аралығындағылар аздау көрінді және сөзге тартқанда, олардың саяси шараға ынтасының төмендегі сезіліп тұрды. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың барлығына жуығы бұл жолғы дауыс берудің алдағы өмірімізге бұрынғыдан өзгеше өзгерістер әкелеріне сенімді», – дейді Талғар ауданының Кеңдала ауылындағы №38 мектепте орналасқан №875 дауыс беру учаскесінде сауалнама жүргізіп жүрген экзит-пол өкілі Айжан Иманбаева.
Болат Абаған, Алматы облысы