Энергетика министрі газ бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты 
Энергетика министрі газ бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтты 
Фото: tirshilik-tynysy.kz
384
оқылды
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, көлеңкелі экспорт  сұйылтылған газ бағасын қымбаттатуы мүмкін. «Мемлекеттік органдар тарапынан бөлшек сауда бағасын реттеу тетігінің болмауына байланысты сұйылтылған газ бағасының өсуі мүмкін. Негізгі себептің бірі – көлеңкелі экспорт. Бұл кейіннен газдың жетіспеуіне және бағаның негізсіз өсуіне алып келеді. Бүгінде  министрліктің ішкі нарықтағы сұйылтылған мұнай газының айналымы мен көлеңкелі экспортқа жедел мониторинг жүргізуге өкілеттігі жоқ», – деді министр. Министр қымбатшылықтың алдын алу үшін бірнеше шара қабылданып жатқанын да айтты. Атап айтқанда: – көлікке ілеспе жүк құжаттарын ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне сұйылтылған мұнай газын енгізу; – Қазақстан аумағында автогаз құю стансаларына бақылау-кассалық машиналардың болуына қойылатын талаптарды күшейту; – Энергетика министрлігіне фискалды деректер операторына және сұйылтылған мұнай газын тасымалдайтын көліктердің ілеспе жүк құжаттарына қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік жасау.