Белгілі актриса, «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы ибалы келін ретінде танылған Айгүл Иманбаева шешіне бастады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына сұлу табиғат аясындағы жартылай жалаңаш суреттерін салып, мүсінін көрсетуге тырысқан. Айгүл Иманбаева бір постына «Кейде құс болып ұшқым келеді…» деп жазса, тағы бір жазбасында «Табиғатын көзбен көру керек» дейді. Оқырмандарының бір тобы әншінің суреттерін жоғары бағалаған.
«Жақсы демалыс.болсын!», «Әп-әдемі қыз екен», «Айгүл, қандай сұлусың!», «Не деген ешқашан қартаймайтын әдемі Әйел осы кісі, аман-есен, бақытты болыңыз», «Не деген сұлулық», деп тамсанғандар, ізгі тілегін білдіргендер бар.Ал көпшілігі «ибалы келіннің» шешіне бастағанына наразы.
«Майканы кимей модель болып түспедің бе? Күлейін бе, жылайын ба?», «Кәрі денеге жабықтау киінген дұрыс сияқты», «Мә, мынау қартайғанда қуайын деді ғои», «Кеше шортикпен, бүгін майкамен, ертең купальникпен…», «Айгүл ма нақты, оның омырауы үлкен емес сияқты еді ғой», деп сынағандар көп.