Доллар бағамы 2,37 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 2,37 теңгеге арзандады
© pixabay
316
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,37 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 429,41 теңге. Ұлттық банктің 7 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 431,88 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 430,70 теңге, сатып алу – 434,18 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,05 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 432,02 теңге.