Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы Жарлығы шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 8 маусым
№ 912 Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер- Осы Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабын іске асыру үшін әзірленді және облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкіміне кандидатты лауазымға тағайындауға келісім беру тәртібін айқындайды.
- Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымына тағайындауға келісім облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының жиналысында беріледі.
- Қазақстан Республикасының Президенті ұсыну негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына кемінде екі кандидат ұсынады.
- Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуында әкім лауазымына кандидаттардың өмірбаян деректері, еңбек қызметі, мемлекеттік наградалары туралы ақпарат және өзге де ақпарат қамтылады.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысына облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін тағайындауға келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының жиналысын (бұдан әрі – жиналыс) өткізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
- Жиналыс осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей өткізіледі.
- Жиналыстың күн тәртібіне:
- Жиналыста депутаттар кандидаттарға сұрақтар қоюы мүмкін. Депутаттар ұсынылған кандидатураларды «жақтап» немесе «қарсы» пікірлер айтуға құқылы.
- Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысына облыс және тиісті облыстың аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының депутаттары қатысады, онда облыс мәслихатының хатшысы төрағалық етеді.
- Жиналысты облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының аппараты ұйымдастырады және техникалық мүмкіндіктер ескеріле отырып, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырылып, өткізіледі.
- Кандидаттардың баяндамасы мен жарыссөздер (өткізілген жағдайда) аяқталғаннан кейін дауыс беру өткізіледі.
- Жиналыс өз құзыретіндегі мәселелер бойынша көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.
- Дауыс беру:
- Ашық дауыс беру қол көтеру арқылы не дауыстарды санаудың электрондық жүйесі болған кезде, ол пайдаланыла отырып, жүзеге асырылады.
- Жасырын дауыс беру өткізу кезінде, бюллетеньдер тікелей дауыс беру басталар алдында беріледі. Бюллетеньдер санақ комиссиясы белгілеген нысанда оның бақылауымен, саны отырысқа қатысып отырған депутаттардың санына тең болып дайындалады және оларға санақ комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қояды.
- Санақ комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттама жасайды, оған санақ комиссиясының барлық мүшелері қол қояды және ол облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысына беріледі.
- Дауыс беруге қатысқан депутаттардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат келісім алған болып есептеледі.
- Жиналыс облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысы дауыс беру нәтижелерін жариялағаннан кейін жабылады. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысы және санақ комиссиясының төрағасы қол қойған жиналыстың хаттамасы жиналыстың өткізілуін куәландыратын құжат болып табылады, ол бір күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберіледі.