Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды 1

Бүгін Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К.Түсіпбековке қатысты үкім шығарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, жоғарыда аталған азаматтар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

«Сот үкімімен Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, Түсіпбеков пен Садықов тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Екібастұз қаласының әкімі А.Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 60-бабы 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралатын болады», – деп жазды ведомстводан.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.