Словакия футбол одағының атқарушы комитеті Словакия құрамасының бас бапкері Штефан Тарковичті жұмыстан босату туралы шешім қабылдады.
Маманның қызметінен кетуіне басты себептердің бірі – 2021 жылдың күзінен бастап іріктеу матчтарында Ресей және Хорватия командаларымен өткен сәтсіз ойындар әсер еткен.
Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары УЕФА Ұлттар Лигасының С дивизионында бір топта ойнайды. Трнавадағы алғашқы матч 0:1 есебімен Магомед Адиев баптайтын "қаршығалардың" пайдасына аяқталды.
Әзірге үшінші топта қазақ құрамасы 6 ұпаймен көш бастап тұрса, 3 ұпайы бар Словакия екінші орынға жайғасқан.