Көкшетауда 80 жастағы кейуана өз үйінде өртеніп кетті
Көкшетауда 80 жастағы кейуана өз үйінде өртеніп кетті
686
оқылды
Көкшетауда 80 жастағы кейуана өз үйінде өртеніп кетті,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Суыт оқиға туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. Оқиға бүгін күндізгі сағат  11-лер шамасында болған. Әбілқасымов көшесі бойында тұрғын үйді өрт шалғаны туралы хабар 11 сағат 56 минутта жедел басқару орталығына түскен. Тілсіз жау араға жарты сағат салып 12.33-те ауыздықталып, 13.18-де сөндірілген.
«Өрт аумағы 135 шаршы метрді  құрады. Өртті сөндіру барысында 1942 жылы туған зейнеткердің денесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 28 сарбазы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды»,–  дейді ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазір сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды