Доллар бағамы 0,65 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,65 теңгеге қымбаттады
© iguides.ru
445
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,65 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 436, 18 теңге. Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 435, 76 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 434,86 теңге, сатып алу – 439,16 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 433,85 теңгеден болса, сатып алу құны – 436,15 теңге.