Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция қызметкерлері бір күнде үш ұрлықты ашты.
81 жастағы зейнеткер қоңырау шалып, белгісіз біреу үйден 9 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткеніне шағымданған. Жалпы шығын сомасы 14 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өтініш берушінің 42 жастағы ұлы болып шықты. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленіп алынды.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.