ҰҚК Қырғызстанға жанармай тасымалдап жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
ҰҚК Қырғызстанға жанармай тасымалдап жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады
© ҰҚК
1,656
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай өнімдерін шекара арқылы тасымалдауға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады. 
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта екі ел шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын (бензин) тасымалдайтын автокөлік санының көбейгені байқалған. Оған Қазақстан мен Қырғызстандағы жоғары сұранысқа ие бензин маркалары бағасының айырмашылығы себеп болып отыр. Сондай-ақ  тасымалдау ережелерінің бұзылуы деректері де (қосымша бензин бактарын орнату не оларды кеңейту) тіркелген.
«Тасымалдаушылардың осы санатына қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы өткізу пункттеріне жүктемені едәуір арттырады және шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудырады. Бұдан басқа, жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке автокөлікті пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін ескермейді, өз кезегінде бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Шекара қызметі қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған тәсілмен жанар-жағармай тасымалдау әрекетінен бас тартуды ұсынады. Шекарадан өту бойынша кеңес алу үшін хабарласу телефоны: 8 (7172) 719-549.