Шымкенттің әл-Фараби аудандық партия филиалына 1 мамырда тұрғындардан Жангелдин көшесіндегі №28 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар доп ойнайтын ауланың газондарын ретке келтіруін және тазалап беруін сұраған өтініш хат түсті.
Өтініш берушінің мәселесімен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық филиалы толыққанды танысып шықты. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевтың ықпалымен «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС мердігер мекеме тарапынан 1 арнайы техника, 5 жұмысшы тартылып, тазалық жұмыстары, балалар ойын алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болып шешілді.
2022 жылғы 25 мамырда Жангелдин көшесі №28 көпқабатты үйдің балалар ойын элементтері мен орындықтарына жөндеу, ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындардың өтініші орындалды. Мәселе оң шешімін тапты.