Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 442,17 теңге.
Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 438,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 440,98 теңге, сатып алу – 445,60 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 442,86 теңгеден болса, сатып алу құны – 445,50 теңге.