Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 турнирінің финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге жартылай финалда мажар-стандық Тимея Бабош және ресейлік Валерия Савиныхқа қарсы ойнады. Қазақстандық-ресейлік жұп үш сетке созылған тартысты матчта 6:4, 3:6, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Бүгін А.Данилина мен А.Тихонова жұбы соңғы бәсекеде қытайлық Лу Цзя Цинь және жапониялық Ю Сяодимен бас жүлдені сарапқа салады.
Бұған дейін ерлер арасындағы додаларда жұптық сында Андрей Голубев пен Григорий Ломакин жарыс жолынан шығып қалды.