Бұқаралық ақпарат құралдарында бүгін, яғни 17 маусымда пайда болған ақпаратты Алматы прокуратурасы баспасөз қызметінің өкілі Forbes.kz порталына растаған.
Құқық қорғау органдарында атап өткендей, «қылмыстық істің өзге мәліметтері жария етілмейді». Экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы қарашада Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен сотталған болатын. Сол кезде оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу мерзімі тағайындалған еді. 2021 жылдың наурыз айында Ертаев Bank RBK, Eurasian Bank және Qazaq Banki банктерінен несие ақшасын жымқырғаны үшін тағы бір қылмыстық іс бойынша сотталды."Жаңа Bank RBK өкілдерінің құқық қорғау органдарына жүгінуіне байланысты Қылмыстық кодекстің 189-бабына («Бөтеннің сеніп тапсырылған ірі көлемдегі мүлкін иемденіп алу немесе жымқыру») сәйкес қозғалған. Тергеуді Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр. Олар қандай да бір күдік тағылмауы себепті қорғауға құқығы бар куәгер ретінде тартылған Жомарт Ертаевтың қатысуымен осы іс бойынша тиісті тергеу әрекеттерін жүргізеді", – делінген ақпаратта.