Қазақстанның Ұлттық банкі 18-20 маусымдағы доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамын жариялады.
Демалыс және дүйсенбі күндері доллардың ресми бағамы 446,87 теңгеге тең болады. Айта кетейік, 17 маусымдағы америкалық валютаның ресми бағамы 442,17 теңгені құрады.
Ресей рублінің ресми бағамы 18-20 маусымда 7,91 теңге болады.