Ақ халаттылар алғысқа бөленді
Ақ халаттылар алғысқа бөленді
642
оқылды
Медицина қызметкер­лерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «AMANAT»  пар­тиясы Қостанай облыстық филиалының атқарушы хат­шысы Бибігүл Аққожина өңірдегі ақ халаттыларды құттықтады.
«Медицина қай кезде де құр­метке ие. Себебі денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Сауапты істеріңіз үшін сіздерге ал­ғысымыз шексіз. Еңбекте табыс, төзім мен күш-қайрат және отбасыларыңызға  бақ-береке тілеймін, – деді Бибігүл Аққожина.
Мереке қарсаңында құрметке бөленген дәрігерлердің бірі, денсаулық сақтау саласының ардагері, 40 жыл ғұмырын медицинаға арнаған Есімжан Сәбитұлы да әріптестерін құттық­тап, ақжарма алғысын білдірді. Айта кету керек, пандемияның соңғы екі жылында облыс­тық бюджеттен ауруханалардың материалдық-техникалық жабдығын жақсартуға 12 млрд теңге, ал күрделі жөндеуге 5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Сондай-ақ жас маман­дарға көтерме ақы төленуде.

Азат ҚАЗАҚ