«AMANAT»-тың араласуымен шешілген мәселе көп
«AMANAT»-тың араласуымен шешілген мәселе көп
598
оқылды
Тұрмыстық қиындықтар жү­деткен немесе әділдік іздеп шарқ ұрған адам­дардың көпшілігі «AMANAT» пар­тиясына келіп ша­ғым­данады. Елі­міз ту тіккен астана бол­ғандықтан шы­ғар, әсіресе Сақ­таған Сәдуақасов тө­ра­ғалық ететін Нұр-Сұлтан қала­лық филиалына жүгінетіндердің қа­та­ры қалың. Саяси ұйым кеңсесінің та­бал­ды­рығын аттағандардың та­лайы «жо­ғын» тауып, өтініштерін қа­на­ғат­тандырып жатады. Енді солар­дың біразына шолу жасап көрейік. Науқас жандар көмекке мұқтаж «AMANAT» партиясының қалалық фи­лиалына астма, қант диабеті диагнозы бар қала тұрғыны Фарида Тобағұлова жүгінді. Өзі пульмонологтың есебінде тұ­рады екен. Бірақ дәрігерлер әйелдің мүге­дектік тобын анықтай алмаған. Сол себепті саяси ұйымның астаналық фи­лиалы Ф.Тобағұловамен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойын­ша департамен­тінің басшысы Қ. Тоқты­баев­тың кездесуін ұйым­дастырды. Со­ның нәтижесінде, нау­қас №1 қалалық емханаға жатқызылып, тек­серілді. Арыз­данушыға мүгедектікті куә­ландыратын құжаттарды жинауға кө­мек­тесті. Енді ол бұдан былай емханадан дәрі-дәрмек алып тұратын болды. Ф. Тобағұловаға мүгедектіктің ІІ тобы тағайындалды. Мүгедектігі бойынша жәр­­демақы 30 мың теңгені құрайтын болды. Өтініш беруші елордалық партия филиа­лы­на көрсеткен көмегі үшін алғы­сын біл­дір­ді. Ал саяси ұйымның қалалық филиа­лына жүгінген елордалық Гүлнар Киза­бе­кова ерекше күтімді қажет ететін ба­ласының тістерін емдеуге көмек сұрапты. Бұл мәсе­лені шешу үшін Гүлнар қалалық мәс­лихат­тың депутаты Динара Бай­серкинаның қабылдауына жазылған. Қабылдау кезінде ананың өтініші қа­нағаттандырылып, ұлы Нұрлыханды отаға дайындау үшін кешенді тексеру жүргізілді. Процедураға әзірлік оңай болған жоқ, өйткені оның емі ерекше тәсілді қажет етті. Сөйтіп, Нұрлыхан Қизабековтың 17 тісіне ота сәтті өтті. Отаны TIARA тіс емхана­сында өз ісінің жоғары білікті мамандары жасады. Гүлнар Кизабекова аманат­тық­тарға мәселені шешуге көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ партияның қалалық фи­лиа­лына бас сұққан көпбалалы ана, ІІІ топ­­тағы мүгедек баланы тәрбиелеп отыр­ған Қарақат Хурмет басындағы ауыр жағдайын айтты. Оның тапқан табысы дәрі-дәрмек, азық-түлік және пәтерақыдан аспайтын көрінеді. Соның салдарынан балаларын шынық­тыруға, ақылы демалыс орындарына жіберуге жағдайы жетпейтінін айтқан. Осы мәселені шешу үшін «AMANAT» пар­тиясы қала әкімдігінің Білім және Әлеу­меттік қорғау басқармаларына сұрау жі­берді. Қос басқарма Қарақатты қабыл­дап, өтінішімен танысты. Нәти­жесінде, оның балаларына бассейнге тегін кіруге мүміндік берілді. Тұрмыстық мәселелер қажытады Саяси ұйымның астаналық фи­лиалына Майра Қасенова мәселе айта келді. Ол өзі тұратын үйдің қыста суық бо­латынын жеткізді. Себебі жылу жүйесі жиі тоқтап, баспананың іші суып кетеді екен. ПИК оның өтінішіне назар аудар­мапты. Бұл мәселені шешу үшін «AMANAT» партиясы қалалық әкімдікке сұрау жіберді. Майраны Байқоңыр ауданының әкімі Е.Жаулыбаев қабылдады. Қабыл­даудан кейін әкім Майраның үйіне барып, жылу жүйесінің жөндеу жұмысы бойынша тиісті қызметтерге тапсырма берді. Бұл мәселе оң шешімін тапты. Тұрғын үй кешені жылыту маусымына дайын. Одан бөлек, МИБ құрылып, төраға тағайындалды. Ал партияның филиалына арыздана келген Байқоңыр ауданының тұрғыны, зейнеткер Владислав Николаев көпқа­батты үйдің тозығы жеткен баспалда­ғы­нан құлап кеткенін айтқан. Бұл тұр­ғын үйде жедел­са­ты жоқ екен, сон­дықтан баспалдақты тез арада жөндеу қажет. Аталған мәселені шешу үшін В.Ни­ко­­ла­ев Байқоңыр ауданының әкімі Е.Жау­лы­баевтың онлайн қабылдауына жазыл­ды. Қабылдаудан кейін тиісті мамандар зей­неткердің мекенжайына барып, жағ­дайды өз көзімен көріп, тек­серді. Нәти­жесінде, баспалдақ жөнделді. Сондай-ақ қалалық партия филиа­лына жалғызбасты ана У. Нұржанова арыздана келді, оның ұлы Е. Абайбек №50 мектеп-лицейдің 10-сыныбында оқиды. Бозбала бұрын «Зерде» оқу ор­талығына барған екен, бірақ отбасылық жағдайға бай­ла­нысты сабаққа қатыса алмай қалған. Ал енді ҰБТ-ға дайындалу үшін қосымша сабақ алу қажеттігі туын­даған. Аталған мәселені шешу үшін өтініш берушіге қалалық Білім басқармасы бас­шысы орынбасарының онлайн қабыл­дауы­­на жазылу ұсынылды. Білім басқар­ма­сы басшысының орынбасары М.Кайыр­­баева өткізген онлайн қа­былдауда №50 мектеп-лицейдің мұға­лімдері ҰБТ-ға дайындық бойынша қо­сымша сабақ­тар тегін ұйым­дастыры­латынын хабар­лады. Мектеп мұғалімдері түлектерді ҰБТ-ға да­йын­дау­дың бір­лескен жос­парын әзірлеген. У. Нұржанова партияның қалалық фи­лиалына азаматтардың әл-ауқатын арт­тыру, отбасы институтын нығайту және өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тә­лім-тәр­биесі мен білімін дамыту бойын­ша жасап жатқан іс-шаралары үшін алғысын білдірді. «AMANAT» партиясының қалалық фи­лиалына Нұр-Сұлтан қаласының тұр­ғы­ны Әсел Сәрсембаева жүгінді. Ол жал­ғыз өзі 3-сыныпта оқитын кәмелетке тол­­­ма­ған қызды тәрбиелеп отыр. Ә. Сәр­сем­­баева күні бойы жұмыс істейді, қызы мек­тепте болады. Алимент алмайды. Жаз айын­да кішкентай қызы үйде жал­ғыз қала­ды. Сол себепті өтініш беруші қызына жазғы лагерьге жолдама сұрат­қан. Бұл мәселені шешу үшін өтініш беруші қалалық мәслихаттың депутаты А. Өмір­зақовтың қабылдауына жазылды. Депу­тат өз қаражаты есебінен оқушыны жазғы лагерьге жіберу үшін ақша бөлді. Енді маусым айында Ә.Сәрсембаеваның қызы «Звездный континент» жазғы лаге­ріне баратын болды. Депутаттар қол ұшын созды Астаналық М.Қошмағамбетов Р.Қош­қарбаев даңғылы 26-үйдің және «Сказоч­ный мир» тұрғын үй кешені, 26 үй тұрғын­дарының арызын қалалық мәслихат депутаты Динара Оразалинаға жеткізген. Олар үй маңындағы автокөлік қозғалысын реттеу бойынша өзекті мәселе көтерген. Нәтижесінде, Р.Қошқарбаев даңғы­лынан жол жиегіне бұрылатын жол­айрық жасалып, 26 және 28 үйлер ара­сында оңға бұ­рылатын автокөлік­тер­дің кедергісіз және апатсыз өтуі қам­тамасыз етіледі. Сон­дай-ақ «Алатау» дү­кені тұсы­нан Аман­жолов көшесінің бойы­мен шығуға екі жер­де біржақты қозғалыс белгілері орна­тыл­ды. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депу­таты Азамат Орынбасаров кәмелетке толмаған екі баланы жалғыз өзі тәр­биелеп отырған Ж.Алкееваны қабыл­да­ған. Оның 14 жастағы үлкен қызына стоматологиялық ем қажет болған. Қабылдаудан кейін Ж.Алкееваға бре­кеттер сатып алуға ақша бөлінді.    Қалалық мәслихат депутаты С.Шук­шев кәмелетке толмаған екі баланы тәр­биелеп отырған Назгүл Шохаевамен ары­зы бойынша кездесті. Шағым­дану­шы ІІІ топ мүгедегі, эпилепсия сыр­қа­тымен ауырады. Жалға алған бөлмеде өмір сүруге ешқандай жағдай жасалма­ған. Бөлмеде ешқандай жиһаз жоқ. Балалар сабақты еденде оты­рып оқитын көрінеді. Өтініш беруші жұ­мыс іс­те­мейді, өйткені кіші баласы – 2 жаста. Қабылдаудан кейін депутат С.Шукшев Н.Шохаева тұрған үйге ба­рып, жағдаймен танысты. Осы сапардан кейін ол өз қара­жаты есебінен пәтерді жиһазбен жабдық­тауға ақша бөлді. Назгүл Шохаева өзін екі баласымен осындай қиын жағдайда қалдырмаған партияның қалалық филиалына, қар­жы­лай көмек көрсеткен қалалық мәсли­хат­тың де­путаты С.Шукшевке шын жүрек­тен алғы­­сын білдірді. Өздеріңіз көріп отырғандай, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қа­­ла­лық филиалына арызданып ке­лу­шілер аз емес. Олардың бәрінің өтініш-ті­легі мұқият тыңдалып, мүмкін­ді­гін­ше көмек көрсетіліп жатыр. Бұл жұ­мыстар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.