ESPN және бірнеше ақпарат көздерінің мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің кезекті кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтпек. Бұл туралы sports.kz басылымы мәлімдеді.
Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы 17 қыркүйекке жоспарланғаны хабарланған.
Айта кетейік, T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өткен болатын. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқас төрешілердің шешімімен «Канелоның» жеңісімен аяқталды.