Әлі салынып бітпеген үйге үлескер болудың проблемасы шешілді – Нұр-Сұлтан
Әлі салынып бітпеген үйге үлескер болудың проблемасы шешілді – Нұр-Сұлтан
Фото: Интернеттен алынды
192
оқылды
Қазақстанда алғаш рет жаңадан салынып жатқан немесе салынатын, үйдің құрылысына үлестік қатысуды есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйенің көмегімен 1 пәтерді екі адамға сату қатерлерінің алдын алуға болады. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, талап ету құқығын беру туралы шарттарды қабылдау және есепке қою электронды түрде жүргізеді.
Құжаттарды тексеру және есепке қою мерзімі екі есе қысқарды. Егер бұған дейін шарттарды есепке қою рәсімі 6 жұмыс күнін құраса, «Қазреестр» жүйесі іске қосылғаннан кейін шарттарды есепке қою мерзімі 3 жұмыс күнінде бітеді. 
Электрондық жүйе құрылыс салушылардың уақытын қысқартады, құрылыс салушыларға өтінімдер беру жеңілдетіледі. Олар жүйеде бір рет объект туралы деректерді толтырып, содан кейін оларды жобаны іске асырғанға дейін толықтыратын болады. Бірыңғай ақпараттық жүйенің артықшылығы – жылжымайтын мүлікті заңсыз сату тәуекелдерін жою, өйткені заңсыз сату жағдайлары жиілеп кетті. Бірыңғай ақпараттық жүйе берілген рұқсаттар бойынша, құрылыс салушылар мен тұрғын үй кешендері бойынша барлық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді. Қорытынды ресми құжат Egov «электрондық үкімет» порталында – «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы детализация» ретінде жарайды. Құжат үлескерлер мен уәкілетті компаниялар арасындағы мәміленің заңдылығын куәландыратын болады. Бұл өнім блокчейн технологиясын пайдалана отырып әзірленген және «тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік қызметін толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді. Артықшылықтары: – Egov порталы арқылы өтініш беру; – Қағаз құжат айналымын қысқарту; – Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды электрондық түрде есепке алу; – Заңсыз сату жағдайларын болдырмау; – Уәкілетті компаниялар үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды беру процесін оңтайландыру; – Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан өтінімдерді өңдеу мерзімдерін қысқарту.