«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына қатысты ескерту жариялады.
«Қазгидромет» болжамы бойынша, 21 маусымда Нұр-Сұлтанда кей уақытта найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады.
Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, ал кей уақытта 23 м/с жетеді.
Таулы өңірлерде нөсер жауынға байланысты 2022 жылдың 21-23 маусым аралығында Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарының тау және тау етегіндегі аудандары мен Алматы қаласы маңындағы таулы аудандарда өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.
Сондай-ақ еліміздің барлық өңірінде жауын және бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Ауа райының жауын-шашынды болғанына қарамастан, бірқатар өңірде 35-37 градус аралығында аптап ыстық болады.
Аймақтардың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады.