Университетке Әлкей Марғұланның есімі беріледі
Университетке Әлкей Марғұланның есімі беріледі
1,197
оқылды
Павлодар педагогикалық университетіне ғалым Әлкей Марғұланның есімі беріледі. Бұдан былай білім беру, мәдениет мекемелері, сондай-ақ бірқатар облыстардағы көшелер мен басқа да нысандар жаңа атаулар алмақ. Мәдениет және спорт министрлігінде өткен отырыста республикалық ономастика комиссиясы осындай шешім қабылдады. Комиссияның қарауына мем­ле­кеттік органдардан барлығы 182 өтініш келіп түскен, оның ішінде Білім және ғылым минис­трлігінен, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдігі бар. Сонымен қатар комиссия Павлодар педагогика­лық университетіне ғалым Әлкей Марғұланның есімін беру туралы ұсынысты қолдады. «Қазір ономастика комис­сиясы ауқымды да маңызды жұмыстар атқарып жатыр. Бұрын жаңа облыстарды атауға, Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуге қатысты маңызды ше­шім­дер қабылданған болатын, мұнда қаралған мәселелер жер­гілікті тұрғындардың пікірін ес­керіп, мәслихаттардың шешімі­мен қабылданады», – деді Мәде­ниет және спорт министрі Дәурен Абаев. Отырыс қорытындысы бо­йын­ша комиссия мүшелері нысандарды қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізу үшін уәкілетті мемле­кеттік органдарға жіберіледі.