Кітапқа қызығушылық жоғары
Кітапқа қызығушылық жоғары
867
оқылды
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» мен Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» романы мектеп кітапханасына ең көп сатып алынған кітаптар қатарында тұр. Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов мектеп кітапханаларының кітап қоры 2 миллион данадан астам кітаппен толыққанын айтады. «Сатып алынған көркем әде­биеттердің ішінде ең танымалы қай­сысы дейтін болсақ, онда «Абай жолы» бірінші орында тұр­ғанын көре­міз. Екінші орын­да Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы, одан кейін Абайдың қара сөздері тұр. Әлем әдебиетін алып қарасақ, Марк Твеннің «Геклберри Финнің бастан кеш­кендері», одан кейін Пауло Коэль­оның «Алхимик» шығар­масы тұр», – деді Елдос Нұр­ланов. Орталық директорының мә­лі­метінше, оқушылардың көр­кем әде­биетке қызығушылығы жоғары. Мектеп кітапхана­ларына алынған кітап­тардың 89 пайызын көркем әдебиет құрай­ды.