Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
Петропавл қаласының әкімі отставкаға кетті
531
оқылды
Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кетуі туралы жазбаны Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Ол 2019 жылы қала әкімі болып сайланған еді.
"Құрметті қала тұрғындары! Бүгін мен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселе. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті", – деп жазды экс-әкім.
Ол әріптестеріне, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК/ОСИ төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысын жеткізген.