Доллар бағамы 10,45 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 10,45 теңгеге қымбаттады
4,166
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті.  KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10,45 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 464,81 теңге. Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454,11 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,56 теңге, сатып алу – 469,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 464,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,53 теңге.