Волонтерлік қызмет заңмен реттеледі
Волонтерлік қызмет заңмен реттеледі
541
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қарады. Отырыс барысында қабыл­дан­ған «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық ак­тілеріне стрестік активтер на­ры­ғын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң Мемлекет бас­шысының тап­сырмасы бойынша қолға алын­ды. Аталған құжат стрестік ак­тивтер нарығында қол­данылатын нормативтік-құқық­тық базаны жетілдiруге бағытталған. «Бұл заң Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасы бойынша қа­былданып отыр. Жаңа нормалар стрестік активтер нарығында қол­данылатын құқықтық тетік­терді жетілдiруге және осы сала­ның өсуіне жағдай жасауға ар­налған. Сондай-ақ заң инвес­тор­лардың стрестік активтер нары­ғына қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы осы бағытты одан әрі дамытуды көздейді. Жаңа талап­тар бұл саладағы рәсімдердің ашық­тығы мен айқындығын да қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта заң проблемалық активтерді эко­номикалық айналымға тартуға мүмкіндік бере отырып, бизнес ортаны жақсартуға оң әсерін ти­гізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев. Сенаторлар отырыс кезінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту­ралы» Қазақстан Республи­ка­сы­ның кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республи­ка­сының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасының заңы­на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ко­дексіне өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» заңдарды екі оқылымда қарап, қабылдады. Сондай-ақ депутаттар «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау орган­дары, арнаулы мемлекеттік орган­дар қызметкерлерінің және әске­ри қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведом­ство­аралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жеке­леген қылмыстық құқықбұзу­шы­лықтар үшін жауаптылықты кү­шей­ту және қару айналымы мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң­­­ды да екі оқылымда қабылдады. Құжат кадрлық қамтамасыз ету, әскери қызметті өткеру және әлеуметтік қамтамасыз ету сала­ларын жетілдіруді көздейді. Сон­дай-ақ жаңа нормалар полицей­лердің құқықтық мәртебесі мен қорғалуын арттыруға бағытталып отыр. Сонымен қатар Палата оты­ры­сында депутаттар волонтерлік қызметті одан әрі дамытуға ар­налған «Қазақстан Республика­сының кейбір заңнамалық акті­леріне волонтерлік қызмет, қа­йырымдылық, мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қам­тамасыз ету және әлеуметтік қам­сыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­­гі­зу туралы» заңды қабылдады. Бұл жөнінде пікір білдірген Мәу­лен Әшімбаев заң бірқатар қоғам­дық қатынасты реттейтін заңна­маны одан әрі жетілдіретінін айтты. Палата отырысында депутат Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғы­лым комитетінің төрағасы бо­лып сайланды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысының Жарлы­ғымен Жетісу облысының әкімі болып тағайындалғаны белгілі. Соған байланысты Орталық сай­лау комиссиясының Қаулысына сәйкес оның депутаттық өкілет­ті­гі тоқтатылды. Одан бөлек, отырыста сена­торлар депутаттық сауалдарын жолдады. Асқар Шәкіров бастаған бір топ депутат Арал өңіріндегі эко­логиялық проблемаларды шешуге қатысты Үкіметтің жұмысын жан­дандыру маңызды екеніне назар аударды. Жанболат Жөргенбаев жайы­лым жерлердің тапшылығына қатысты мәселені шешу шара­ла­рын ұсынды.