Теннисшілер жарап тұр
Теннисшілер жарап тұр
470
оқылды
Қазақстандық теннисші Гөзал Айнитдинова Үндістанда өтіп жатқан ITF W25 жарысының жартылай финалына жолдама алды. Айнитдинованың жұптық сын­­да жолы болды. Қазақстан тен­нис феде­рациясынан мәлім етке­нін­­дей, Гөзал үндістандық Зил Де­сай­мен бірге ширек финалда таиландтықтар Луксика Кумхум пен Пеангтарн Плипуекпен ой­науы керек еді. Әйтсе де, олар кортқа шықпай қалған. Алғашқы айналымда қазақстандық-үндіс­тан­дық жұп жергілікті теннисші­лерді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүк­тір­ді. Г.Айнитдинова мен З.Десай­дың жартылай финалдағы қарсы­лас­тары кейін анықталады. Қа­зақ­­стандық теннисші әлемдік рей­тингінде 434-орында келеді. Бұдан бұрын Александр Бублик­тің Истборн турнирінің ширек финалына өтті. Сондай-ақ қазақ­стандық теннисші Сербиядағы ширек финалға да жолдама алып отыр.

М.АБДУЛИН