Туристерге жол ашық
Туристерге жол ашық
664
оқылды
Шекара қызметі «Қордай» өткізу пункті арқылы Ыс­тықкөлге баратын туристік автобустардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­латасы туро­пе­ра­торлар мен жауапты ведомство өкіл­дерінің кездесуін ұйым­дастырды. Кездесу барысында туристік топтарды жедел өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Келісімге сай туроператорлар Шекара қызметіне трансферлік көлік және туристер саны, олар­дың шекараға келу уақыты туралы ақпаратты алдын ала жібереді. Осыдан кейін туристер шекарадан арнайы жолақ арқылы өтеді. «Әзірге үлкен туристік авто­бус­тар бойын­ша ғана келісім бар. Кәсіпкерлер палатасы жо­лаушы микроавтобустарын тез өткізу тура­лы келіссөздер жүргізіп жа­тыр. Бұл микроав­тобус­тар үлкен автобустарда орын қалмағанда жұмылдырылады, – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Туризм де­партаменті директорының орын­басары Елена Михнова. Сонымен қатар қырғыз шека­рашы­лары­мен туристік автобус­тардың Қазақстанға кіруі үшін жеке жолақ ұйымдастыру мүм­кіндігі тура­лы келіссөздер жүргі­зіліп жатыр. «Атамекен» ҰКП осындай кездесуді Ресей Фе­дерациясымен шекарада ұйымдастыруға ниетті.

М.АБДУЛИН