Нью-Йорк қаласында «Біріккен Алаш» қорының (United Alash Foundation) жанынан құрылған Кітап клубының (Book Club) ұйымдастыруымен тележурналист, ақын Жаңылхан Асылбекованың «Сөнбес сәуле» атты публицистикалық жинағы және зерттеуші-қаламгер, PhD Эльмира Ерікқызының «Алаш қайраткері Жанұзақ Жәнібековтің шығармашылық мұрасы» атты монографиялық еңбегінің таныстырылымы өтті.
Қос автор да бұл күнде Нью-Йорк фильм академиясында халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтуде. Аталған іс-шараға Нью-Йорк фильм академиясы телерадиожурналистика факультеті деканының міндетін уақытша атқарушы Фред Сильверман, куратор Евгения Власова және сюжеттік материалдарды талдау және сценарий жазу пәнінен дәріс беретін Роберт Ферраро секілді профессорларымыз келіп қатысты.