Елімізде Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті таныту, еліміздің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.
Сондай-ақ тудың өлшеміне қарамастан, ол ұлттық стандартқа сәйкес болуы керек екенін ескеру қажет.