Қорғаныс өнеркәсібінде жоба жасауға ниетті
Қорғаныс өнеркәсібінде жоба жасауға ниетті
471
оқылды
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Koç Holding ком­паниясының қазіргі жұмысымен, сон­дай-ақ Қазақстандағы бірлескен жоба­ларды жүзеге асыру жоспарымен танысты. Али Кочтың айтуынша, түркиялық хол­­динг қорғаныс өнеркәсібі мен ауыл шаруа­шылығы саласында бірқатар жо­баны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр. Мемлекет басшысы Түркиямен ара­дағы ынтымақтастықтың еліміз үшін аса маңыз­ды екеніне тоқталып, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторларға мемлекет тарапы-нан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.