Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев екі қызметтен алатын жалақысының көлемін айтты, – деп жазады inform.kz.
«Жалақыны Қаржы министрлігінен аламын. Вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Шамамен жалпы жалақым – 1,5 миллион теңге. Министр ретінде шамамен 1,3 миллион теңге еңбекақы аламын», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін алдағы бес жыл депутаттар мен әкімдердің жалақысы өспейтінін хабарлаған болатынбыз.