«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы өңірлік аймақтық қоғамдық экологиялық кеңестің отырысы өтті.
Жиын барысында ең өзекті инфрақұрылымдық проблемалардың бірі – елді мекендерді газдандыру мәселесі талқыланды.
Онда Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Серік Тілемесов аудандағы 14 елді мекенді газдандыру бойынша жобаларды іске асыру туралы баяндады.
Бүгінде біздің ел мен Қытай арасындағы келісім аясында Сарыбұлақ-Зимұнай газ құбырын салу және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы елді мекендерінің шекарасына дейін АГТС және магистралды газ құбырын салу жобалары іске асырылуда.
Қазір Зайсан ауданы бойынша 7118 заңды тұлға, үй құрылыстары мен пәтерлердің меншік иелері газдандыру жүйесіне қосылған, оның ішінде Зайсан қаласы бойынша – 4897 үй мен пәтер, 321 заңды тұлғалар нысаны, 9 елді мекенде – 1900 үй бар.
Жобалар аяқталған соң Зайсан ауданының 20 елді мекені толығымен газдандырылады.