Нұр-Сұлтанда «Гендерлік бағдарланған бюджеттеу және Қазақстандағы ұлттық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне енгізу құралдары» атты екі күндік тренинг өтті. Шараны Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.
2018 жылы Ұлттық экономика министрлігі «БҰҰ-әйелдер» құрылымның қолдауымен Қазақстанда 2020-2025 жылдарға арналған гендерлік бағдарланған бюджеттеуді енгізу жөніндегі ұлттық жоспар әзірледі.
«БҰҰ-әйелдер» гендерлік факторларды есепке алу, оның ішінде Ұлттық жоспардың индикаторларын БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарына сәйкестендіре отырып, ұлттық жоспарлау мен бюджеттеуге қатысты процестерді жетілдіру жөнінде Үкіметке қолдау көрсетуін жалғастыруда. Бұдан арғы шаралар ретінде Білім және ғылым министрлігі және Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының (Applied Economics Research Centre – AERC) қатысуымен биыл елімізде қыздар мен ұлдардың мектеп қабырғасындағы тең құқығы мен қажеттілігін ескере отырып, орта білім беру саласындағы ұлттық бюджеттеуге гендерлік талдау басталды. Бұл сала мемлекет үшін басым салалардың бірі ретінде айқындалды.
«БҰҰ-әйелдер» құрылымы Қазақстан Үкіметінің ұлттық гендерлік бағдарланған бюджеттеуді енгізу жөніндегі ынтасын қолдайды. Орта білім беру саласында жүргізілген пилоттық гендерлік талдау нәтижелері мектептегі қыздар мен ұлдардың тең құқығы мен қажеттілігін іске асыруда қандай қиындықтар бар екенін нақты көрсетті. Бұл бастаманы жүзеге асыруда серіктесіміз – Ұлттық экономика министрлігіне техникалық қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Ұсынылып отырған бюджеттік жоспарлау моделі жақын арада ұлттық заңнамада өз орнын табатына үміттенеміз», – деді Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценко.
Тренингке еліміздің әр аймағынан келген министрліктер мен ведомстволардың, облыстық қоғамдық кеңестердің өкілдері, ҮЕҰ белсенділері мен гендерлік бюджеттеу саласындағы сарапшылар қатысты.